
2026 жылғы 1 тамыздағы халық саны: 1 130,3 мың адам, оның ішінде қалалық – 935,4 мың адам (82,8%).
Облыстың әкімшілік бөлінісі: 8 қала, оның ішінде 6 облыстық маңызы бар: Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Приозерск, Саран, Шахтинск және 2 аудандық: Абай және Қарқаралы, 7 аудан: Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет, 342 ауылдық елді мекендер.
Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 3 711,5 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 2025 жылдың тиісті кезеңіне 104,7%.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 236,6 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2025 жылдың тиісті кезеңіне 103,9%.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 94 913 бірлікті құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 657,7 млрд.теңгені немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 95% құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 336,9 млрд.теңгені немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 78,6% құрады. 240,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 68,4%.
Ішкі сауда бойынша нақты көлем индексі 100,3%, көлемі 3 084,9 млрд. теңге құрады.
Көлік саласында көлемі 382,7 млрд. теңге, 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,5% құрады.
Инфляция 105,3% құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларына-104,3%.
Мемлекеттік бюджетке 562,6 млрд.теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 269,4 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 293,2 млрд. теңге.
Әлеуметтік сала
2026 жылдың екінші тоқсанындағы жұмыссыздық деңгейі 4,0%-ды құрады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 42,3 мың.адам немесе экономикалық белсенді халықтың 7,9%-ын құрады.
2026 жылдың екінші тоқсанындағы орташа айлық атаулы жалақы 470 390 теңгені құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға жоғары.
2026 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша 3 763 құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 446-і жеңіл қылмыс,
1 527-і орташа қылмыс, 1 322-сі ауыр қылмыс және 44-і аса ауыр қылмыс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-economy/press/news/details/1296090?lang=ru

Жауап қалдыру