
Полилог форматындағы дебат турнирі 2026 жылғы 18 қыркүйекте Жітіқара политехникалық колледжінде өтті.
Турнир «Sanaly urpaq-2050» қоғамдық қорымен азаматтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Турнирге мектептер мен Жітіқара политехникалық колледжінің оқушылары қатарынан 16 қатысушы қатысты.
Турнирдің әділ-қазылары алқасының құрамына Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Джетенов М.А., «Бірлік» этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы, «Sanaly urpaq-2050» ҚҚ өкілі кірді.
Ұпайларды есептеу қорытындысы бойынша бірінші орынды Корчагина Эвелина, екінші орынды – Жалаушибаев Адият иеленсе, үшінші орынды Хлюстова София жеңіп алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1296164?lang=ru

Жауап қалдыру