
Қабанбай ауылдық мәдениет үйі жанындағы спорт кешенінің оқушылары мен мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған тағылымды шара өтті.
Шара барысында спорт кешенінің оқушылары қазақ күресінен өнер көрсетіп, күш-жігері мен ептіліктерін сынға салды. Ал мәдениет қызметкерлері халқымыздың ежелден келе жатқан «Сақина салу» ойынын ойнап, ұлттық дәстүрімізді жаңғыртты.
Сонымен қатар, шара барысында өнерпаздар ән айтып, жырларын арнап, ұлттық өнерімізді насихаттады.
Шараның мақсаты – ұлттық ойындар мен дәстүрлі өнерді дәріптеу, шаралар арқылы өскелең ұрпаққа ата-баба мұрасын таныстыру, ұлттық салт-дәстүрге деген құрметті арттыру.
Ұлттық ойын – ұрпаққа мұра,
ұлттық өнер – халыққа қазына!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1296314?lang=ru

Жауап қалдыру