
Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері арасында «Бақытты отбасы – белсенді отбасы!» атты отбасылық спорттық эстафета ұйымдастырылды.
Спорттық шараға ҚАЖ департаментінің пробация қызметі бөлімінің, №70, №8 және №9 мекемелерінің қызметкерлері отбасыларымен бірге қатысып, спорттық сайыстарда өзара бақ сынасты.
Эстафетаның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасылық бірлікті арттыру.
Жарыс барысында қатысушылар «Доппен жүгір», «Бірлігіміз жарасқан», «Шарды түсірме», «Ұқыпты отбасы», «Қапшықтағы көңілді жарыс» секілді қызықты эстафеталардан өтіп, шапшаңдық, ептілік және ұйымшылдықтарын көрсетті.
Жарыстың әділ әрі талапқа сай өтуін ҚАЖ ардагерлері Макаров Н.Ж. және Аяпов Талғат Серикович қазылар алқасы ретінде қамтамасыз етті.
Сайыс қорытындысы бойынша отбасылар бірнеше арнайы номинациялармен марапатталды:
🏆 «Спорттық отбасы» – белсенділігі мен ұйымшылдығы үшін.
🥇 «Ең епті отбасы» – ептілік пен шапшаңдық танытқаны үшін.
🥈 «Ең ұйымшыл отбасы» – бірлігі мен татулығы үшін.
🥉 «Жеңіске деген жігері үшін» – қайсарлығы мен табандылығы үшін.
Отбасылық эстафета қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қолдау мен ынтымақтастықты нығайта түсті.
Мұндай спорттық шаралар – отбасы құндылықтарын дәріптеп, салауатты өмір салтын қалыптастырудың және қызметкерлердің отбасымен бірге белсенді демалысын ұйымдастырудың маңызды бағыты.
«Бақытты отбасы – белсенді отбасы!»

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1296466?lang=kk

Жауап қалдыру