«Әскери ерлікке тағзым» акциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында, Ұлы Отан соғысындағы халықтардың ерлігі мен бірлігінің символы болып табылатын айтулы күнде, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлермен бірлесіп 26 сәуірде «Әскери ерлікке тағзым» акциясын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – тарихи жадыны сақтау, соғыс ардагерлері мен қатысушыларына терең құрмет көрсету, сондай-ақ жас ұрпаққа бейбіт аспанның қымбат бағасын еске салу болды.

Акция аясында ҰОС кезеңіндегі мемориалдар мен ескерткіштерді абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды. Қатысушылар есімдері ел тарихына мәңгілікке жазылған батырлардың ескерткіш орындарын ерекше құрметпен ретке келтірді.

«Әскери ерлікке тағзым» акциясы алғыс пен ұрпақтар сабақтастығының символына айналып, әркімнің бейбітшілікті, тарихи шындықты және бостандық пен тәуелсіздікті қорғағандар туралы естелікті сақтауға жауапкершілігін атап көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhetisu-oblysy/press/news/details/984666?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді