«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы бойынша ашық есік күні

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

21.09.2026 жылы Бейімбет Майлин ауданының мемлекеттік архивінде ҚР  МСМ архив ісі және құжаттаманы басқару комитетінің бастамасымен республикалық «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында балалар жылына орай ашық есік күні өтті. Осы іс-шараға Б. Майлин атындағы жалпы орта мектебінің 11-М сынып оқушылары қатысты.

Шара барасында облыстың және ауданның құрылуы туралы құжаттар, ауданның қалыптасуы мен дамуы туралы ақпараттар, газет беттеріндегі мақалалар, Ұлы Отан соғысы қатысушыларының, ауданының еңбек сіңірген адамдарының тарихы, жеке құрам туралы құжаттар көрсетілді, «Архивке-35» тақырыптық экспозициясы, Д. М. Әлімбаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне арналады» атты фотоқұжаттар көрмесі ұйымдастырылып, архив қоймасында экскурсия жүргізілді.

Сондай-ақ, балаларға ҚР ҰАҚ құжаттарын сақтаудың қаншалықты маңызды екені туралы айтылды. Оқушыларға архивтің, ауданның тарихы туралы да айтылды. Оқушылар Архив қызметіне және архив құжаттарына қызығушылығын танытып, пайдалы ақпарат және жаңа әсерлер алды.

 Іс шараға күн бойы 15 оқушылар қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/1296520?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді