
Жеке қабылдау барысында Семей қаласы мәслихатының депутаты Андрей Алтайбаев қала тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қабылдау кезінде тұрғындар аумақтарды абаттандыру, жолдар мен арықтардың жай-күйі, ағаштарды кесу, қоғамдық көліктердің қозғалыс кестесі, автобус аялдамаларын орнату қажеттілігі, көшелерді жарықтандыру, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелерді көтерді.
Көтерілген мәселелердің барлығы бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді.
Қосымша зерделеуді және шешуді қажет ететін мәселелер депутаттың бақылауына алынды. Оларды шешу бойынша тиісті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүргізіледі.
Тұрғындардың мәселелерін шешуде депутаттар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы маңызды рөл атқарады. Бірлескен жұмыс мәселелерді жан-жақты қарастырып, нақты шешімдер қабылдауға және оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1296597?lang=ru

Жауап қалдыру