
2026 жылғы 22 қыркүйек күні сағат 11:00-де Кәлпе ауылындағы мәдениет үйінде Үштөбе қаласынан келген «Водоканал» қызметкерлерінің қатысуымен тұрғындармен кездесу өтті.
Кездесу барысында ауыз су тарифінің өсуіне байланысты тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тарифтің өзгеру себептері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, тұрғындардың сұрақтарына жауаптар беріліп, сумен қамтамасыз етуге қатысты мәселелер талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-zholbarys-batyr/press/news/details/1296638?lang=ru

Жауап қалдыру