ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 21 қыркүйекте қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Отырыс барысында денсаулық сақтау саласына, халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігіне, сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіруге қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Мәселелерді талқылауға Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары Асем Орынбаева және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшы орынбасары Бакытжан Каратаев қатысты.

Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1296675?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді