
Сырттай проактивті куәландыруға төменде көрсетілген нозологиялар мен ауру түрлері жатады:
- Онкологиялық аурулар
• Барлық локализациядағы қатерлі ісіктер (онкологиялық патологиялардың әртүрлі сатылары мен түрлері).
- Туберкулез
• Барлық локализациядағы белсенді туберкулез түрлері.
- Анатомиялық ампутациялар
• Екі қолдың немесе аяқтардың жоғары деңгейдегі ампутациялық культялары, соның ішінде иық немесе жамбас деңгейіндегі ампутациялар.
• Экзартикуляциялар (буын тұсынан кесілу).
• Пирогов немесе Шопар бойынша табан культялары, сондай-ақ басқа да күрделі анатомиялық кемістіктер.
- Жүйке жүйесінің аурулары
• Инсульттен немесе басқа да қан айналымы бұзылыстарынан кейінгі тұрақты айқын гемипарез, гемиплегия, трипарез, тетрапарез.
- Бүйрек патологиялары
• Терминалдық созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (созылмалы гемодиализ немесе перитонеальді диализ қабылдап жүрген науқастар).
- Ағзаларды трансплантациялау
• Өмірлік маңызы бар ағзаларды (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, ұйқы безі) ауыстырып салудан кейінгі жағдайлар, сондай-ақ жасанды жүрек қарыншалары мен аппараттарын (LVAD/BiVAD) имплантациялау.
- Психикалық ауытқушылық және мінез-құлық бұзылыстары
• Айқын және терең түрдегі ақыл-ой кемістігі (олигофрения, деменция).
• Балалар аутизмінің ауыр түрлері және басқа да тұрақты психикалық бұзылыстар.
- Эндокриндік аурулар
• Балалардағы 1-типті қант диабеті (ауыр ағымдағы).
- Орфандық (сирек) және тұқым қуалайтын генетикалық аурулар
• Мысалы, Даун синдромы, мукополисахаридоз (балаларда) және т.б.
- Қан жүйесінің аурулары
• Апластикалық анемия, миелодиспластикалық синдром және басқа да гематологиялық патологиялар.
- Көру мүшесінің ақаулары
• Туа біткен немесе жүре пайда болған анофтальм, көз алмаларының туа біткен рудиментарлы түрлері.
- Аса қауіпті созылмалы инфекциялар
• Лепра (алапес).
- Паркинсон ауруы
• Хен-Яр бойынша 5-дәреже (үнемі басқа адамның көмегін қажет етуі).
- Гидроцефалия
• Шынайы гидроцефалия.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1296622?lang=kk

Жауап қалдыру