Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдерімен кездесу өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Комитет өкілдерінің Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілдері — доктор Эфрем Текле Леманго және Фатима Ченгич ханыммен кездесуі өтті.

Кездесу барысында иммунопрофилактиканың өзекті мәселелері, ұлттық иммундау жүйесін нығайту және Қазақстан мен ЮНИСЕФ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Халықты вакцинациямен қамтуды арттыруға, иммундауға деген сенімді нығайтуға, сондай-ақ инфекциялық аурулардың алдын алу және балалардың денсаулығын қорғау тәсілдерін жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Екіжақты диалог аясында тараптар ағымдағы басымдықтарды, негізгі мақсаттар мен одан әрі өзара іс-қимылдың басты бағыттарын айқындады.

Кездесу қорытындысы бойынша иммунопрофилактика және балалардың денсаулығын қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту және бірлескен бастамаларды іске асыру бойынша одан арғы қадамдар айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1296345?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді