
Озерки ауылына кіреберісте жаңа қақпаның ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлы қатысты.
Елді мекеннің көркін айшықтап, ауылдың сәулеттік келбетін толықтыратын қақпа ауыл жастарының қолдауымен бой көтерді.
Туған жерге деген жанашырлықпен қолға алынған бұл бастама ауыл жастарының белсенділігі мен ауызбіршілігінің көрінісі. Осындай игі бастамалар елді мекеннің көркеюіне және ауылдың дамуына оң ықпал етеді.
Аудан әкімі ауыл жастарына алғысын білдіріп, туған жердің дамуына үлес қосатын бастамаларды қолдайтынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-ozer/press/news/details/1296310?lang=ru

Жауап қалдыру