ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ, ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Дүниежүзілік тазалық күніне орай және «Таза Қазақстан» акциясы аясында Меркі ауданында жалпыаудандық сенбілік өтті. ⠀ Тазалық жұмыстарының негізгі бөлігі Ойтал ауылдық округіндегі саябақта ұйымдастырылды. Сенбілікке аудан әкімі Ербол Жиенқұлов, аудан әкімі аппаратының, аудандық мәслихаттың, әкімдік бөлімдері мен аудандық мекемелердің қызметкерлері, жалпы 200-ден астам адам қатысты. ⠀ Сенбілік барысында саябақ аумағы тазаланып, жапырақтар тырмаланды, қураған бұтақтар жиналып, жиналған қоқыстар шығарылды. Аумақ ретке келтіріліп, саябақтың көркі қайта ажарланды. ⠀ Тазалық – бір күндік жұмыс емес. Айналаны таза ұстау, ортақ мекеннің көркін сақтау – баршаға ортақ міндет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1296250?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді