Қоңыр ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру мақсатында Қоңыр ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлеріне шектеулі бюджет қаражатын ашық әрі объективті бөлу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамада белгіленген шектеулерді сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға заңнама талаптарын бұзғаны, әкімшілік құқық бұзушылықтар және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделетіні түсіндірілді.

Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға, заңдылық, ашықтық және объективтілік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-konyr/press/news/details/1296116?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді