Қазақстанда оқушылардың білімін бағалау ережелері өзгерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бағалау жүйесіне жаңа нормалар енгізілді:
1-сынып оқушылары:
Оқушыларға баллдық баға қойылмайды.
 2–4-сынып оқушылары:
 Күнделікті сабақтарда 1-ден 10 баллға дейінгі қалыптастырушы бағалау (формативті бағалау) қолданылады.
Өтілген бөлімдер бойынша аралық жұмыстар (аралық бағалау) өткізіледі. Олардың ең жоғары балы сыныпқа байланысты бекітілген:
2-сынып үшін – ең жоғары балл 12;
 3-сынып үшін – ең жоғары балл 14;
 4-сынып үшін – ең жоғары балл 16.
 2–4-сынып оқушыларына жылдық қорытынды бойынша «2» (нашар) бағасы қойылмайды.

 5–11 (12)-сынып оқушылары: Қалыптастырушы және жиынтық бағалау (БЖБ/ТЖБ) жүйесі сақталады.
Бөлім бойынша жиынтық бағалауда (БЖБ) оқушы 7-ден 20 баллға дейін ала алады. Мұндай бақылау жұмыстары бір тоқсанда 3 реттен артық өткізілмейді.
Оқушының тәртібі үшін балл төмендетілмейді.
 Кезектен тыс немесе кейбір арнайы пәндер бойынша балл орнына «зачет» (есептелінді) немесе «незачет» (есептелінген жоқ) деген белгі қойылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1296899?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді