№ 1 Саумалкөл орта мектебіндегі білім күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда
1 қыркүйек күні Саумалкөл №1 орта мектебінде Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті.
Бұл күн мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бірінші сынып оқушылары үшін ерекше сәт. Мектеп ұжымы, ата-аналар мен жоғары сынып оқушылары бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, жылы қарсы алды.
Салтанатты шара
барысында мектеп директоры Мырзабай Шәріпұлы Тұралинов пен Айыртау ауданының әкімі Мейрам Жақсылықұлы Меңдібаев құттықтау сөз сөйледі. Мектеп бітіруші түлектердің бірінші сынып оқушыларына мектеп эстафетасын бейнелі түрде тапсыруы ерекше сәтке айналды.
Жаңа оқу жылының басталғанын білдіретін алғашқы қоңырау соғу құқығы 11-сынып оқушылары ағылшын тілінен республикалық олимпиада жеңімпазы Артём Коринецке, жеңіл атлетикадан республикалық жарыстардың жүлдегері Аружан Рахимоваға және Қазақстан тарихынан республикалық олимпиада жеңімпазы Егор Ерёменкоға, сондай-ақ 1-сынып оқушылары Қуандық Исламға, Ева Кромға және Айлин Жүнісоваға берілді.
2026–2027 оқу жылы оқушылар үшін жаңа білімге, жетістіктерге, жарқын сәттер мен игі естеліктерге толы болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1296998?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді