ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК ҮЙЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК ҮЙЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ

Шымкентте тағы 30 отбасы жаңа пәтерлердің иесі атанды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Айта кетейік, жалға берілетін үйлер Қайтпас шағынауданында, ал несиелік үйлер Асар-2 шағынауданында орналасқан. Бұл баспаналар «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген бағдарламалары бойынша төлем қабілеттілігін растаған және белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға берілді.

Жаңа пәтерге ие болғандардың қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетім балалар, сондай-ақ, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар.

Көп қабатты үйлер белгіленген құрылыс нормалары мен сапа талаптарына сәйкес салынып, пайдалануға берілген.

Айта кету керек, Шымкент қаласында азаматтардың баспана жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыс жалғасуда. Бұл бағыттағы жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жүргізіліп, халықтың өмір сүру сапасы мен қалалық ортаның жайлылығын арттыруға бағытталған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turgyn-ui/press/news/details/1297089?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді