«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ МЕН АКТИВТЕРІН ПАЙДАЛАНУЫНА МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражаты мен активтерін пайдалануына мемлекеттік аудит» іс-шарасы бойынша комиссия мүшесі Е.М. Абдрахмановтың баяндамасы тыңдалып, бюджетті жоспарлау мен орындау үдерісіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда: Мемлекеттік аудит барысында қаржылық бұзушылықтар бойынша анықталған қызметкерлерге негізсіз аударылған еңбекақы мен үстемеақыдан және азық-түліктен 2167,1 мың теңге бюджетке өтелді. Қалпына келтірілетін қаржылық бұзушылықтар бойынша теңгерімге алынбай тікелей шығысқа кеткен 104 866,7 мың теңгенің материалдары, 20 461,9 мың теңгенің негізгі құралдары теңгерімге алуда қате шотқа кірістелгені, 4 056,9 мың теңге артық есептелген амортизациялық аударым анықталып, аудит барысында, барлығы 134 322,9 мың теңгеге, мемлекеттік аудит жүргізу барысында бухгалтерлік түзету жазбалары беріліп қалпына келтірілді, рәсімдік сипаттағы орын алған бұзушылықтардың саны 187 бірлікті құраған.
Отырысқа Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Д.Ж. Момбек қатысты.
Жиын барысында тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Н.Р. Қордабай және комиссия мүшелері көтерген бірқатар сұрақтарға басқарма басшысының орынбасары, аудит объектілерінің басшылары мен есепші мамандары жауап берді. Отырыс нәтижесінде тиісті қаулылар қабылданып, алдағы уақытта атқарылатын іс-шараларды іске асыру мақсатында уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар жолданатын болды.
Жауап қалдыру