«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖАСТАР САЯСАТЫ» САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫНА САРАПТАМАЛЫҚ – ТАЛДАУ» САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Қызылорда облысы бойынша жастар саясаты» саласының қызметін жүзеге асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына сараптамалық – талдау» іс-шарасы бойынша комиссия мүшесі Б.Т. Пшановтың баяндамасы тыңдалып, бюджетті жоспарлау мен орындау үдерісіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды.
Отырысқа Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Д.О. Тлеумбетов қатысты.
Жиын барысында тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Н.Р. Қордабай және комиссия мүшелері көтерген бірқатар сұрақтарға басқарма басшысының орынбасары мен аудит объектісінің басшылары жауап берді. Отырыс нәтижесінде тиісті қаулылар қабылданып, алдағы уақытта атқарылатын іс-шараларды іске асыру мақсатында уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар жолданатын болды.
Жауап қалдыру