
КРЕАТИВТІ АПТА аясында “Салтанат сарайы” жанындағы этно-қолөнер шеберханасында “Әжелерден мирас – ұрпаққа аманат” атты жүнді игеру бойынша қызықты шеберлік сабағы өтті.
Аталмыш іс-шараны шеберхананың жетекшісі, ежелгі дәстүрлерді сақтаушы және өз ісінің шебері – Гүлнар Орынбаева өткізді.
Бұл шеберлік сағаттың мақсаты – ұмытылған қолөнер дәстүрлерін жаңғырту, сондай-ақ жастардың ұлттық өнердің бай мұрасына деген қызығушылығын ояту еді. Қатысушылар қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің бір бөлігі ретінде киіз басудың мәдени маңыздылығы туралы біліп қана қоймай, жүннен бұйымдар жасау техникасын іс жүзінде меңгерген.
Дарынды шебердің жетекшілігімен тыңдаушылар қазақ мәдениетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін бірегей бұйымдар жасады. Креативті аптаның бірқатар іс-шараларының ішінде аталмыш шеберлік сабағы шығармашылық пен дәстүрлерді байланыстырып, керемет атмосферада өтті.
Шеберлік сағаты тек қолөнер сабағы ғана емес, сонымен қатар баға жетпес білімді сақтап, оны болашаққа жеткізуге мүмкіндік беретін ұрпақтар арасындағы көпірге айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-kokshetau/press/news/details/984509?lang=kk

Жауап қалдыру