
Ақтөбе қаласында өтіп жатқан V-жазғы ойындарында «Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылдық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спортшысы, 11 сынып оқушысы Амангелді Шыңғыс қазақ күресінен жоғары шеберлік танытып, 3 орынға ие болды!
Жас спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз! Бұл — тынымсыз еңбек пен табандылықтың нәтижесі.
Сондай-ақ спортшыны жарысқа баптаған бапкері — Орымбай Баубек Маратұлына алғыс білдіреміз!
Алдағы жарыстарда тек биік белестерді бағындырып, ауданымыздың намысын абыроймен қорғай беруін тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1297160?lang=ru

Жауап қалдыру