ШҚО-да «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде заң бұзушылықтар анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Марқакөл ауданының прокуратурасы «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде мемлекеттік қолдау шараларын алған жекелеген тұлғалардың жалпы сомасы 10,6 млн теңгеге шарттық міндеттемелерді орындамаған фактілері анықталды.

Мәселен, 2023 жылы Күршім ауданы әкімінің қаулысымен (2024 жылға дейін Марқакөл ауданы Күршім ауданының құрамында болған) медициналық колледжді аяқтағаннан кейін аудандық ауруханаға жұмысқа келген жас маман – мейіргерге 5 млн теңге мөлшерінде бюджеттік кредит беріліп, сондай-ақ 345 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленген.

Алайда қаражатты алғаннан кейін медицина қызметкері шартта көзделген ауылдық елді мекенде кемінде үш жыл еңбек ету жөніндегі міндеттемесін орындамаған.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде 2,95 млн теңге мемлекет кірісіне қайтарылды. Қалған соманы өндіріп алу мәселесі бақылауда.

Бюджет қаражатының заңды әрі мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1297204?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді