Көкшетау қаласының прокуратурасы қалалық полиция басқармасымен бірлесіп, алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынатын адамдардың шоғырланатын орындары анықталған жатақханаларда рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Рейдтердің негізгі мақсаты құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және алкогольдік масаң күйдегі адамдарды анықтау.
Рейдтік іс-шаралар барысында 30 жатақхана тексерілді. Алкогольдік масаң күйдегі 5 адам анықталды, олардың 1-еуі ОПҚ-ның пробациялық бақылауында тұрады.
Сонымен қатар, жүргізілген жұмыстың нәтижелері бойынша ӘҚБтК-нің 440 б. бойынша 5 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Жатақханаларда құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда және Көкшетау қаласының прокуратурасының бақылауында.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1297219?lang=ru

Жауап қалдыру