«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында және жол қозғалысы қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында 12 тамыз күні кешкі уақытта «Kia K7» автокөлігін басқарып, «Ұлы дала» даңғылы жағынан Айтматов көшесімен қозғалып келе жатып, жылдамдығын сағатына 154 шақырымға дейін арттырған 22 жастағы құқық бұзушы анықталды.
Қала прокуратурасы жол жүрісі қағидаларын жүйелі түрде және өрескел бұзатын жүргізушілерді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартудың бірыңғай тәжірибесін енгізді (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы).
Сот қаулысымен жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Елорда прокуратурасы автокөлік жүргізушілерін жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Жылдамдықты шамадан тыс арттыру және агрессивті көлік жүргізу қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін.
Астана қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1297231?lang=ru

Жауап қалдыру