
Қазақстанда зейнетақы жүйесін дамыту аясында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшерін арттыру және зейнетақы жинақтарын басқару тетіктерін жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгерістер енгізіледі.
Бұл өзгерістер қазіргі зейнеткерлерді әлеуметтік қолдауды күшейтуге және болашақ зейнеткерлер үшін зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Негізгі өзгерістер мен олардың зейнеткерлерге әсері
2026 жылғы қыркүйектен бастап
Жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға (ЖУИП) зейнетақы жинақтарын аударуға қатысты бұрынғы шектеу алынып тасталды.
Енді азаматтар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға бере алады.
Бұл салымшыларға өздерінің зейнетақы активтерін басқару тәсілін таңдауға қосымша мүмкіндік береді.
Мемлекеттік кепілдік
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, мемлекет азаматтардың БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарының сақталуына кепілдік беруді жалғастырады.
Сонымен қатар 2027 жылдан бастап мемлекеттік кепілдікті іске асыру және біржолғы өтемақы төлеу тетігі өзгереді.
Базалық зейнетақы да артады
Базалық зейнетақы мөлшері азаматтың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты белгіленеді.
2027 жылдан бастап:
- ең төменгі базалық зейнетақы – ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ын;
- ең жоғары базалық зейнетақы – ең төмен күнкөріс деңгейінің 120%-ын құрайды.
Бұл өзгерістер зейнетақы жүйесіне ұзақ уақыт қатысқан азаматтардың базалық зейнетақы мөлшеріне әсер етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1297287?lang=kk

Жауап қалдыру