МӘС қорытындысы бойынша кресло-арбаны ұсыну тәртібі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 қыркүйекте Шелек ауылындағы аудандық ауруханада №2 МӘС бөлімінің мамандары мен медициналық ұйым дәрігерлерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, медициналық құжаттарды сапалы рәсімдеу, мүгедектігі бар адамдарды қажетті құралдармен қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу.

🔹 Бірінші мәселе – МӘС-ке жіберу негіздері және жолдамаларды сапалы рәсімдеу

Кездесу барысында МӘС жүргізу тәртібі, медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу негіздері және қолданыстағы нормативтік-құқықтық талаптар бойынша түсіндірме берілді.

8 айдың қорытындысы бойынша МӘС-ке ұсынылған жолдамаларға талдау жасалып, негізсіз және сапасыз толтырылған құжаттар бойынша анықталған кемшіліктер талқыланды. Медициналық құжаттарды толық, негізді және сапалы рәсімдеудің маңыздылығы атап өтілді.

🔹 Екінші мәселе – протездік-ортопедиялық және техникалық құралдармен қамтамасыз ету

Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар және арнайы жүріп-тұру құралдары бойынша медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер қарастырылды.

🔹 Үшінші мәселе – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Ұйымдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары және қызмет барысында заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.

🤝 Кездесу барысында медициналық ұйымдар мен МӘС мамандарының өзара іс-қимылын жетілдіру, медициналық құжаттарды рәсімдеу сапасын арттыру және азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Негізгі мақсат – медициналық-әлеуметтік сараптама рәсімдерінің сапасы мен ашықтығын қамтамасыз ету және мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1297305?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді