ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЛЕМДІК МЭРЛЕР ДИАЛОГЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қытай Халық Республикасының Ухань қаласында «Әкімдердің дүниежүзілік диалогы – Ухань» және Уханьның 2026 жылғы бауырлас қалалар ынтымақтастығы жөніндегі халықаралық конференциясы өтіп жатыр.
Халықаралық жиынға бес құрлықтан 22 елдің 24 қаласының әкімдері, 80-нен астам ресми өкілдері қатысуда. Олардың қатарында Ұлыбританияның Манчестер қаласының лорд-мэрі, Финляндияның Кеми қалалық кеңесінің төрағасы Микко Койвулехто, Кейптаун қаласының қала менеджері, Мьянманың Янгон қаласының мэрі, Польшаның Жешув қаласының мэрі және өзге де қала басшылары бар.
Қазақстан делегациясының құрамында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысуда.
Халықаралық диалог барысында Әзімбек Пазылбекұлы қалалардың орнықты дамуы мен халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағыттары туралы баяндап, Түркістан қаласының әлеуеті мен даму мүмкіндіктерін таныстырды.
Ухань – Қытайдың орталық бөлігіндегі ірі экономикалық, өндірістік және технологиялық орталықтардың бірегейі. Бүгінде қала халқының саны 15 млнға жуық.
Түркістанның халықаралық қалалармен тікелей ынтымақтастық орнатуы – қаланың инвестициялық және экономикалық әлеуетін танытуға, озық тәжірибелермен алмасуға және жаңа серіктестік жобаларды іске асыруға зор мүмкіндік бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1297330?lang=kk