Интернет алаяқтық бойынша кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Интернет-алаяқтықтан сақ болайық!

Мирный ауылында тұрғындар арасында интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындарға банк қызметкерлері немесе мемлекеттік орган өкілдері ретінде хабарласатын алаяқтардан сақ болу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, банк картасының деректері мен SMS-кодтарды бөгде адамдарға айтпау қажеттігі түсіндірілді.

Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі жалған инвестициялық жобалар мен күмәнді ұсыныстарға сақтықпен қарау, қандай да бір күмәнді жағдай туындаған кезде ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеру ұсынылды.

Қаржылық және цифрлық сауаттылықты арттыру – интернет алаяқтықтың алдын алудың маңызды жолы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-mirnoe/press/news/details/1297362?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді