
Бүгін, 2026 жылғы 23 қыркүйекте Жамбыл ауданы мәслихатының мәжіліс залында тұрақты комиссия төрағасы Жанна Балтабайқызы Бекенованың төрағалығымен мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырысқа Жамбыл ауданы мәслихатының төрағасы Лариса Викторовна Топорова, аудан мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
«Архангелка ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламасының орындалуы және әлеуметтік-экономикалық дамуы, проблемалары және оларды шешу жолдары туралы» Архангелка ауылдық округінің әкімі Алтын Серікбайқызы Ташенованы тыңдады.
«Білім беру объектілерін 2026-2027 жаңа оқу жылына дайындау туралы» сұрағы бойынша білім бөлімінің басшысы Бауыржан Балтабайұлы Мұсабаев сөз сөйледі.
Сондай-ақ отырыс барысында депутаттар аудан мәслихаты аппаратының басшысы Гүлбаршын Қамзақызы Жаңбыршинаны тыңдап, «СҚО Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты» КММ Ережесіне және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу бойынша шешімдерінің жобаларымен танысты.
Барлық мәселелерді қарау қорытындысы бойынша депутаттар өз ұсыныстары мен ескертулерін білдірді. Қаралған мәселелерді заңнамада белгіленген тәртіппен одан әрі қарауға ұсыну туралы шешім қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl-sko/press/news/details/1297497?lang=ru

Жауап қалдыру