Таразда 300-ден астам оқушы есірткіге қарсы акцияға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Тараз қаласында №54 мектептің 300-ден астам оқушысы есірткі заттарын қолдану мен таратудың алдын алуға, сондай-ақ жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған профилактикалық акцияға қатысты.

     Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кинологиялық қызмет және жастар ресурстық орталығының өкілдерімен бірлесіп, оқушылармен есірткі қолданудың және құқыққа қайшы әрекеттерге тартылудың салдары туралы ашық әңгіме өткізді.

     Жасөспірімдерге есірткінің денсаулыққа, білім алуға және болашаққа тигізер зияны түсіндіріліп, саналы таңдау жасау мен қауіпті ұсыныстарға дер кезінде “жоқ” деп айта білудің маңызы айтылды.

     Кездесу барысында оқушыларға жастар арасында есірткі қылмысының алдын алуға арналған ҚР ІІМ-нің “Не книжные закладки” профилактикалық фильмі көрсетілді.

     Шараның ең қызықты бөлігінің бірі – Кинологиялық қызмет мамандарының көрсетілімдері болды. Қызметтік иттер есірткі және жарылғыш заттарды анықтау, жоғалған адамдарды іздеу, сондай-ақ шартты құқық бұзушыны ұстау кезіндегі дағдыларын көрсетті.

     Іс-шара “Заң мен тәртіп” және “Адал азамат” қағидаттары аясында өтіп, жастармен қауіпсіздік, жауапкершілік және салауатты болашақты таңдау мәселелері бойынша ашық пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1297570?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді