🏆 Универсиаданың үшінші күні Қазақстан үшін олжалы болды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дүниежүзілік қысқы универсиадада жарыстың үшінші күні Қазақстан құрамасы тамаша нәтижелерге қол жеткізіп, медаль қоржынын толтырды.

Қыздар арасындағы фристайл-могулдың финалдық бәсекесіне қос қазақстандық спортшымыз шығып бақ сынасты. Анастасия Городко универсиада ойындарында ел қоржынына екінші алтын медальді сыйласа, Аяулым Әмренова күміс жүлдегер атанып, Қазақстанның тағы бір медальға қол жеткізуіне үлес қосты.

Сонымен қатар Антон Бондарев универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Қазір Қазақстанның еншісінде 2 алтын, 3 күміс және 1 қола бар. Жалпы командалық есепте біздің ұлттық команда екінші орында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/918617


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді