СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ХАБАРЛАНДЫРУ Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ХАБАРЛАНДЫРУ

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар

Құрметті Степногорск қаласының тұрғындары!

Сіздерге жеке кәсіпті дамыту және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында 400 АЕК мөлшерінде (2026 жылы 1 730 000 теңге) мемлекеттік грант алу мүмкіндігі туралы хабарлаймыз.

Мемлекеттік грантты тіркелген жұмыссыздар немесе тіркелгеніне бір жылдан аспаған жеке кәсіпкерлер келесі санаттарға жататын болса ала алады:

* мүгедектігі бар адамдар;

* қандастар;

* қоныс аударушылар;

* аз қамтылған отбасылар (атаулы әлеуметтік көмек — АӘК алушылар);

* көпбалалы отбасылар;

* мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдар;

* асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар.

Қатысу шарттары:

* «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу сертификатының болуы (сертификаттың жарамдылық мерзімі — 3 жылдан аспауы тиіс);

* Business.enbek.kz порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып өтінім беру.

Қаражаттың нысаналы мақсаты:

* технологиялық жабдықтарды, құрал-саймандар мен мүкәммалды сатып алу;

* ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, көшеттер мен тұқымдарды сатып алу;

* үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу.

Грант тұтынушылық қажеттіліктерге, кредиттерді өтеуге, жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерін сатып алуға, сондай-ақ акцизделетін өнімдерді өндіруге берілмейді.

Кеңес алу үшін мына мекенжайға хабарласуға болады:

Степногорск қ., 4-шағын аудан, 1-ғимарат, Б блогы, 19-кабинет.

Телефондар: 7-59-71, 7-59-72.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/1297658?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді