Павлодар облысында бопсалауға қатысы бар күдіктілер қамауға алынды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

     Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері бопсалау фактілеріне қатысы бар деген күдікке ілінген адамдар тобын ұстады.

     Анықталғандай, күдіктілер бір ай бойы Павлодар қаласының тұрғындарынан ақша талап еткен. Ақша бермеген жағдайда оларға күш қолданатынын және дене жарақатын келтіретінін айтып қорқытқан.

     Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел қызметкерлер күдіктілердің жеке басын анықтап, алты адамды ұстады. Олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сондай-ақ ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1297931?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді