
Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері №61 орта мектепте сейсмикалық жаттығу өткізді. Жаттығу барысында жер сілкінісі болған жағдайда оқушылар мен мектеп қызметкерлерімен іс-әрекет алгоритмі пысықталды. Қатысушылар ғимараттан эвакуациялау, қауіпсіздік талаптарын сақтау және қауіпсіз аймаққа ұйымдасқан түрде шығу тәртібін тәжірибе жүзінде орындады. Практикалық бөлімнен кейін ТЖБ мамандары мектеп ұжымымен конференция өткізіп, жер сілкінісі кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібі және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың сейсмикалық қауіптерге дайындығын арттыру және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрі қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1298070?lang=ru

Жауап қалдыру