
Түркістан облысында полицейлер заңсыз аң аулау фактісін тоқтатты.
Полицейлер мен табиғатты қорғау өкілдері жедел-профилактикалық іс-шара барысында Отырар ауданының аумағында заңсыз аң аулау фактісін анықтады.
Кезекті рейд кезінде тәртіп сақшылары ішінде екі жергілікті тұрғыны бар ВАЗ автокөлігін тоқтатты.
Көлік салонынан заңсыз ауланған 2 қабан мен аңшылық мылтық табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша тексеру амалдары жүргізілуде, барлық мән-жайлар анықталуда. Оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады.
Өз кезегінде полиция азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1298103?lang=ru

Жауап қалдыру