
Жетісу облысының Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласында Кемел Тоқаев атындағы орта мектепте «Жас сақшы» полиция сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау комитетінің Алматы облысы және Жетісу облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Жобаның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, патриоттық тәрбиені нығайту, отансүйгіштік қасиеттерді дамыту және өскелең ұрпақтың ішкі істер органдары қызметіне деген қызығушылығын арттыру.
Салтанатты рәсім барысында оқушылар «Жас сақшы» қатарына қабылданып, Ант берді. Оларға арнайы куәліктер табысталды.
Жаңа полиция сыныбына 2011 жылдың қараша айында қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция аға сержанты Полат Күйшібайұлы Аянқұловтың есімі берілді. Бұл – жас ұрпаққа батырлық пен Отанға адал қызмет етудің үлгісін насихаттауға бағытталған маңызды бастама.
Іс-шараға басқарма бастығы, полиция полковнигі Қайрат Қуанышұлы Жарқынбаев, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері және Үштөбе қаласының әкімі қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kkod-mvd/press/news/details/1298142?lang=ru

Жауап қалдыру