
Осы күні Саран қаласының «Отбасын қолдау орталығы» КММ көпбалалы отбасыларға және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсетті.
Отбасыларға киім-кешек, аяқ киім, азық-түлік жиынтықтары, сондай-ақ киім және қажетті заттарды сатып алуға арналған сертификаттар табысталды.
Қайырымдылық сертификаттарын Орталығымызға ұсынған «Планета одежды» дүкеніне отбасыларға қосымша қолдау көрсетуге мүмкіндік бергені үшін ерекше алғысымызды білдіреміз. 🤝💛
Ізгі бастамаларды қолдап, отбасыларға көмек көрсетіп жүрген барша жанға алғыс айтамыз!
Жақсылық жасау – көмекке мұқтаж жанға қолдау көрсетуден басталады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1298168?lang=ru

Жауап қалдыру