Жетісу полициясы волонтерлермен бірлесіп есірткі граффитиін жою акциясын өткізді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Жетісу облысында полиция қызметкерлері волонтерлер және қоғам өкілдерімен бірлесіп, есірткіні заңсыз жарнамалайтын жазбаларды анықтау және жоюға бағытталған профилактикалық акция өткізді. Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылып, есірткі қылмысының алдын алуға, есірткінің таралуына тосқауыл қоюға және жастарды оның зиянды әсерінен қорғауға бағытталды. Есірткі граффитиі – ғимараттар мен құрылыстардың қабырғаларындағы жай ғана жазу емес. Бұл – есірткі құралдарын заңсыз жарнамалаудың бір тәсілі. Мұндай жазбалар көбіне есірткі сатылатын интернет-ресурстар мен байланыс арналарына сілтеме жасайды. Жыл басынан бері облыс аумағында 105 есірткі граффитиі анықталып, жойылды. Профилактикалық іс-шараларға 500-ден астам волонтер мен қоғам өкілдері қатысты. Кезекті акция барысында қатысушылар анықталған заңсыз жарнамаларды бірлесіп өшіріп, тұрғындар арасында есірткінің таралуына қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Біздің міндетіміз – есірткінің заңсыз жарнамасын жоюмен ғана шектелмей, оның таралуының алдын алу, жастарды қорғау және қоғам назарын осы мәселеге аудару. Есірткі қылмысына қарсы күрес полиция мен азаматтардың бірлескен күш-жігерін талап етеді. Тек бірлесе әрекет ету арқылы өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз орта қалыптастыра аламыз», – деп атап өтті Жетісу облысының Полиция департаментінде. Полиция тұрғындарды бейжай қалмауға шақырады. Есірткіні жарнамалайтын жазбаларды байқаған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарлау қажет. Жастарды есірткіден қорғау – баршамызға ортақ міндет. Заң мен тәртіп әрқайсымыздан басталады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1298238?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді