
Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов Дмитриевка, Покровка, Полтавка және Байторысай ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер талқыланды.
Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ауылдардың инфрақұрылымы, жол, абаттандыру, әлеуметтік нысандар, коммуналдық қызметтер және басқа да өзекті мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Аудан әкімі көтерілген мәселелердің әрқайсысына жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар беріп, тұрғындардың өтініштері бақылауға алынатынын атап өтті. Алдағы уақытта елді мекендердің жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын табады.
Кездесуге аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімдерінің басшылары қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1298385?lang=ru

Жауап қалдыру