Автобус бағыттары өзгереді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

«Тараз қаласы Сыпатай батыр көшесі, Төле би даңғылы, Қ.Тұрысов көшелерінде М-1 жылу желісін қайта жаңғырту» жобасы аясында көлік қозғалысы тоқтатылатын аумақта қатынайтын (қозғалыс тоқтатылатын аумақ Төле би мен Жамбыл даңғылдарының, Төле би мен Қ. Тұрысов көшелерінің қиылыстары) қалалық маршруттардың жүру сызбасына 25 сәуірден бастап өзгерістер енгізіледі.

Нақтырақ айтқанда, Төле би мен Жамбыл даңғылдарындағы «Мешіт» және «Диагностикалық орталық» аялдамалары арқылы қызмет көрсететін №9, 12, 16, 19, 23, 28, 30, 32, 40, 46, 55 маршруттар Д.Жуанышев, Е.Ниетқалиев, Ұлбике ақын көшелеріне ауыстырылса, №29 маршрут Е.Ниетқалиев, Қ.Қойгелді көшелері мен Төле би даңғылы арқылы қызмет көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/983249?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді