
Байғанин ауданының әкімі Айбек Купеновтің төрағалығымен «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
🔹Отырыста күн тәртібіне сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде инвесторлардың құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оқушылардың құқықтарын қорғау және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері қаралды.
🔹Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті мекеме өкілдерінің ақпараттары тыңдалып, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер талқыланды. Атап айтқанда, Ащы, Көлтабан, Қарауылкелді, Қопа ауылдық округтеріндегі малдарды бірдейлендіру және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға назар аударылды.
🔹Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын жүйелеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейту, ауылдық округтердегі профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру және тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жандандыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
🔹Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алуда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейтіп, халықпен тұрақты кері байланысты қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1298571?lang=ru

Жауап қалдыру