Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Шараф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университетінің ректорымен кездесті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Тараптар білім және ғылым саласындағы Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын, оның ішінде академиялық алмасуларды, жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады.

Кездесу аясында Елші университеттің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы алдында дәріс оқып, Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастарының қазіргі кезеңі және гуманитарлық әрі білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың маңызы туралы баяндады.

Сапар барысында Ералы Тоғжанов Абай ғылыми-мәдени орталығы мен қазақ тілі және әдебиеті кабинетін де аралап, олардың қызметімен, сондай-ақ Өзбекстанда қазақ тілін, әдебиетін және Абай мұрасын зерделеуге қосып отырған үлесімен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/1298595?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді