Бақылау-қадағалау органдары бизнеске есеп берді!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Кәсіпкерлік кодексінің 131-1-бабына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Нұриддин Аманқұлдың төрағалығымен бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдындағы жыл сайынғы бірыңғай есеп беру күні өтті.

Негізгі мақсат – кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы өзара байланысты жақсарту, бизнестің құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамыту.

Жиынға құқық қорғау органдарының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, бизнес-қоғамдастықтың және мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының аумақтық бөлімшелерінің өкілдері және ZOOM платформасы арқылы жергілікті әкімдіктер қатысты.

Биылғы жылдың 8 айында облыста кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 1327 тексеру тағайындалып, нәтижесінде 732 заң бұзушылық анықталған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42% жоғары.

Анықталған заң бұзушылықтардың басым бөлігі санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, еңбек заңнамасы мен жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, салықтық әкімшілендіру және жер қатынастары салаларына тиесілі. Жиын барысында осы бағыттарға жауапты мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің есептері тыңдалды.

Биыл облыс бойынша мемлекеттік органдар тарапынан бизнес субъектілеріне 34 негізсіз тексеру жүргізілген. Бұл ретте, облыс әкімінің орынбасары Нұриддин Аманқұл бақылау-қадағалау органдарына бизнеске қатысты тексеру шараларын тағайындау кезінде заңнама талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуі қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kasipkerlik/press/news/details/1298609?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді