№36 гимназияда Алмалы ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Кездесу басында біз бес ай ішінде атқарылған басты жұмыстарға тоқталдық: 60 ғимараттың қасбетін жөндеу, жаяу жүргіншілер жолдарын жаңарту, инженерлік желілерді ауыстыру және жаңа әлеуметтік нысандар салу.

Депутаттармен, полиция қызметкерлерімен және әкімдік басқармаларымен бірге тұрғындарды ең көп толғандыратын мәселелерді талқыладық. Диалогтың басты тақырыбы абаттандыру болды: ағаштарды санитарлық мақсатта кесу, аулалардың жағдайы және ХҚБ («Халық қатысатын бюджет») бастамалары туралы сөз қозғалды. Естеріңізге сала кетейік, биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында біз сіздердің 27 жобаңызды жүзеге асырып жатырмыз, сондай-ақ 38 аулада ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Көптеген сұрақтар бойынша бірден толық түсініктеме беруге тырыстық. Ал жергілікті жерге шығып, егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін мәселелерді тезірек шешу үшін тіркеп алдық.

Баршаңызға туған Алмалы ауданына деген жанашырлықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз! Егер сұрағыңызды қойып үлгермесеңіз, біздің ресми Telegram-каналымызға немесе Instagram-дағы директке жазыңыз — біз әрқашан байланыстамыз.

Ауданымызды бірге көркейтейік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1298673?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді