VІIІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс LVІ сессиясын шақыру туралы
VIII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс LVІ сессиясы 2026 жылғы 28 қыркүйекте 15:00 сағатта келесі күн тәртібімен шақырылсын:
- «Қарағанды қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы XLVІ сессиясының № 326 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
- «Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.
- «Қарағанды қаласының мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы» КМҚК қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу туралы.
Қалалық мәслихат төрағасы А. Бөкенов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandy/press/news/details/1298906?lang=ru

Жауап қалдыру