
ХХ жазғы Азия ойындарында жетісайыстан әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды.
Қатысушылар 3 күн бойы кедергілер арқылы 100 метрге жүгіру, биіктікке секіру, ядро итеру, 200 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру, найза лақтыру және 800 метрге жүгіру сайысының қорытындысы бойынша жеңімпазды анықтады.
Жарыс нәтижесі:
🥇🇯🇵Юри Танака (Жапония) – 5920 ұпай
🥈🇯🇵Нанака Каджики (Жапония) – 5673 ұпай
🥉🇰🇿Алина Чистякова (Қазақстан) – 5568 ұпай
Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова 2006 жылы Дохадағы Азиадада топ жарған болатын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1299096?lang=ru

Жауап қалдыру