
2026 жылғы 23–24 қыркүйекте Беларусь Республикасының Брест қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтері басшылары кеңесінің отырысы және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Бірлескен алқасының 55-отырысы өтті.
Іс-шараларға ТМД және ЕАЭО мемлекеттерінің кеден қызметтерінің басшылары мен өкілдері қатысты. Отырыстар барысында кедендік ынтымақтастықты дамыту, кедендік басқару мен бақылауды жетілдіру, ақпарат алмасу, кедендік рәсімдерді цифрландыру, кедендік транзитті дамыту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру мәселелері қаралды.
Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулдығы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті делегациясының қатысуын ұйымдастыруға және іс-шараларды өткізуге жәрдем көрсетті.
Сонымен қатар, сапар бағдарламасы аясында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден органдары командаларының қатысуымен халықаралық шағын футболдар жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің командасы III орынға ие болды.
Брест қаласында аталған іс-шаралардың өткізілуі ЕАЭО және ТМД мемлекеттерінің кеден қызметтері арасындағы кәсіби және практикалық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brest/press/news/details/1299131?lang=ru

Жауап қалдыру