ХАБАРЛАНДЫРУ Мақаншы ауданы мәслихатының кезекті 43-сессиясы туралы

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Мақаншы ауданы мәслихатының депутаттары мен тұрғындарының назарына!

2026 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 10.00-ге өтетін Мақаншы аудандық мәслихатының кезекті 43 сессиясы 2026 жылдың 28 қыркүйегіне сағат 10.00ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.  

         Өтетін мекен-жайы: Мақаншы ауданы әкімдігінің ғимараты, Қабанбай көшесі, №6.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

 

  1. Ауданда қысқы мерзімге жол қатынасының тұрақтылығын қамтамасыз ету және білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелеріндегі жылу маусымына дайындықтың барысы туралы
  2. Аудан көлемінде санитарлық-эпидемиологиялық және эпизоотиялық ошақтарының жағдайы және оларды жақсарту жұмысының барысы туралы
  3. Мақаншы ауданының ауылдық елді-мекендеріне «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жұмысының барысы туралы
  4. Мақаншы ауданындағы денсаулық сақтау саласының жағдайы және тұрғындарға медициналық сапалы көмек көрсету, аудандық аурухананы заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету, тар және кең бейімді медицина мамандарының өткір тапшылығын жою жөніндегі мәселені шешу туралы
  5. Мақаншы ауданында абаттандыруға, көгалдандыруға және санитарлық тазалауға бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі есебі
  6. Мақаншы ауданындағы мектеп бітіруші түлектердің ұлттық бірыңғай тест тапсыру нәтижелері және білім беру ұйымдарына түсуі туралы
  7. Әр түрлі мәселелер.

 

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы сағат 09:00-де өткізіледі.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 08.30-да басталады.

 

 

Мақаншы ауданы

мәслихатының төрағасы                                                                        Б.Биболов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/makanshy-maslihat/press/news/details/1299126?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді