Астана қаласының әкімдігі, ҚР Көлік министрлігі және Changi Airport Group компаниясының еншілес ұйымы – Changi Airports International (CAI) елордадағы әуежай инфрақұрылымын ұзақ мерзімді дамыту саласында стратегиялық әріптестік орнатуға бағытталған ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойды.
Негіздемелік келісімге қол қою нәтижесінде тараптар екі негізгі бағыт бойынша ресми уағдаластыққа қол жеткізді.
- Астанадағы жаңа әуежайды басқару
Тараптар Астанадағы жаңа әуежайдың операциялық қызметін басқару саласында ынтымақтасуға келісті. Жоба ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық авиациялық хаб қалыптастыру және Астананың транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда.
- Қолданыстағы Астана халықаралық әуежайын дамыту
Тараптар қолданыстағы Астана халықаралық әуежайын дамыту бағытында Changi Airports International компаниясымен ынтымақтасуға келісті. Ынтымақтастық аясында компанияның әуежайды басқаруға, оның операциялық қызметін ұйымдастыруға және техникалық қызмет көрсетуге (O&M), сондай-ақ әуежайды одан әрі дамытудың басқа да бағыттарына қатысуы көзделген.
Қазіргі уақытта тараптар әріптестіктің құрылымы мен жобаларды іске асыру шарттарын келісу, сондай-ақ қажетті құжаттарды әзірлеу бойынша бірлескен жұмыс жүргізуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1299154?lang=ru

Жауап қалдыру