
Бүгін Жапонияның Аичи префектурасындағы Миёси көліндегі есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия ойындарының финалы жалғасып жатыр.
Байдаркамен 500 метрге жарыста Қазақстан құрамасының спортшысы, Азия чемпионы Стелла Суханова мәреге 3-ші келіп, қола жүлде жеңіп алды. Оның уақыт көрсеткіші 1:59.688 секунд.
Жарыс барысында Қытай спортшысы алтын медаль иеленсе, күміс Өзбекстан ескек есу шеберінің еншісінде.
Фото: Шамкен БАЙЫРБЕК
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1299194?lang=ru

Жауап қалдыру